Қазақстанда зорлық көрген балалар туралы мәлімет таратуға тыйым салу ұсынылды

/uploads/thumbnail/20170710161416915_small.jpg

Ақпарат және коммуникация министрлігі зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалардың қауіпсіздігін қолға алды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Бүгінгі таңдағы жаңалық атаулының тең жартысы дерлік қорлық көрген балалар турасында екені мәлім. Ғаламтордан суреттерін жариялайды, есімдерін атайды, координаталарын көрсетеді. Бірақ бұл қаншалықты қажет? Кәмелет жасқа толмаған балаларды жариялағаннан не пайда? Керісінше олардың қауіпсіздігін ойлайтын кім бар? Осының бәрін ескерген Ақпарат және коммуникация министрлігі зорлық-зомбылық көрген балаларды қорғауға кірісті. Нақты ұсыныстары да бар.

«Зорлық-зомбылық пен қорлық көрген балалар жайында ақпараттарды, мәліметтерді жариялауға тыйым салуды ұсынамыз. Мұндай әдістер балалардың психологиясына кері әсерін тигізуі мүмкін», - дейді ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев.

Оның үстіне, министрлік түбі суицидке әкеліп соғатын, сондай-ақ экстремизм, зорлық, нашақорлық сынды топтарды бұғаттауды жалғастырып келеді. Өткен жылы дәл осындай 30 мың ақпарат таратушылардың жолы бөгелген. Ал 2017 жыл басталғалы суицидке әкеліп соғатын 500-ге жуық топ жабылды. Жыл соңына дейін ғаламтор қолданушылары жаңа «балалар пакеті» деп аталатын қызметті пайдалана алатын болады.

Аталмыш қызметті қосу арқылы баланың қауіпті сайттарға кіре алмайтынына сенімділік танытуға болады. Балалар пакетін арнайы комиссия құратын болады. Министр ұсынып отырған қызмет тек сайттарға ғана қатысты 

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар