Ақ үй Сирия президенті Башар Асадтың жаңа химиялық шабуыл дайындап, іске асырылған жағдайда Сирия үкіметі үшін бағасы жоғары болатынын мәлімдеді, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
«Құрама Штаттар кезекті шабуылға дайындық жүріп жатқанын байқады. Шабуыл Асад режимінің химиялық қаруымен орындалады, нәтижесінде бейбіт тұрғынның, әсіресе балалардың көзі жойылмақ. 2017 жылдың 4 сәуірінде болған шабуыл тағы қайталануы мүмкін», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Сирия оппозициясы 4 сәуірде Идлиб ровинциясына жаслаған химиялық шабуыл салдарынан 80-ге жуық адамның қаза тапқанын мәлімдеген. Шабуылды Сирия билігінің әскерінен көрген. Ал Сирия билігі бейбіт тұрғындар мен террористреге қарсы химиялық қару қолданбағандарын мәлім еткен.
АҚШ Сирия әскерлерінің мәлімдемелеріне де, Ресейдің бәрін мұқият тексеру керек деген сөзіне де қарамастан, 2017 жылдың 7 сәуіріне қараған түні Шайрат базасына соққы жасады. Пентагон мәліметінше, 59 зымыран ұшырылған.