Хабаровск тұрғыны асырап алған балаларын бірнеше жылдар бойы зорлап келген. Олардың отбасында 9 бала тәрбиеленген, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Dni.ru сайтына сілтеме жасап.
Ресейлік тергеу комитетінің дерегіне сәйкес, ер адам балаларды аяусыз зорлап, өте ауыр қылмысқа барған. Ең сорақысы бұл жағдай 2012 жылдың қыркүйегінен бастап 2017 жылға дейін жалғасып келген. Күдіктіге қатысты «Зорлау» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тұтқындалды.
«Ол аталған уақыт аралығында балаларды 729 рет зорлаған», - деп мәлімдеді құзырлы орган өкілдері.
«Қолдағы деректерге сәйкес, олар барлығы бір пәтерде тұрған. Ал жетім балалрға көмек ретінде берілетін қаржыға басқа пәтер жалдап, сол жерде қыздарды зорлаған», - дейді тергеу комитетінің төрағасы Игорь Комиссаров. Бұл отбасы көп балалы жанұяға жатқаны белгілі. Асырап алған балалардан бөлек бұл отбасылық жұптың өздерінің де балалары болған, жалпы саны – 9 бала.
«Қазіргі таңда балалар қайтадан жетімдер үйіне жіберілді. Барлық керекті шаралар қолданылып, зәбір көрген бүлдіршіндермен арнайы психолог мамандар жұмыс істеуде», - деп мәлімдеді бала асырап алу басшылығының директоры Татьяна Жигарева.
Шоулшы: Назерке Лабихан