«Экономиканы дамытатын мұнай емес, туризм» - ДТҰ-ның Қазақстанға ұсынысы

/uploads/thumbnail/20170710161449592_small.jpeg

Қазақстанның туристік потенциалы да, пайдалану мүмкіндігі де жоғары. Бұл туралы Дүниежүзілік туристік ұйымының бас хатшысы Талеб Рифаи ҚР Үкіметінің отырысында айтты, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

«Бүгінде туризм лайықты түрде бағаланбайды. Экономиканы дамытатын мұнай емес, туризм. Туризм – Қазақстанның болашағы, сіздерде жоғары потенциал бар, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан қолдарыңызда бар  мүмкіндікті максималды түрде пайдалануларыңыз тиіс. Мен бірнеше мемлекетте болдым, бір айтарым – Қазақстанның перспективасы жоғары»,  - деп айтты Рифаи сөзін Премьер-министрге бағыттап.

Сондай-ақ, аталмыш ұйымның бас хатшысы Қазақстандағы туризмді дамытатын бірнеше жолдарды атады, ұсыныстарын айтты.

«Біріншіден, өзге мемлекеттермен достық қарым-қатынасты нығайту арқылы визалық режимді жеңілдеткен жөн. Біз электронды визаны 100% қолдаймыз. Онлайн режимде адамдар кезек күтпейді, ыңғайлы әрі қауіпсіз. Ал қауіпсіздік пен ыңғайлылылық туризмге қажет», - деді Рифаи.

Бұдан өзге халықаралық маман нарыққа қаржылық авиакомпанияларды жіберуді ұсынды, мұндай әдіс арқылы туристер төмен бағада билет ала алады.

«Туристердің Қазақстанға тез, арзан әрі жеңіл келуін қамтамасыз еткендеріңіз жөн. Өздеріңізге 2-3 жыл уақытты белгілеп, авиахабарламаның ашық болуын ұйымдастырыңдар», - деп қостады.

Қатысты Мақалалар