Павлодар мен Кенжекөл ауылының еріктілері осыдан үш күн бұрын Ертіске құлап, жоғалған ер адамның мәйітін тапты. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Спутник жаңалықтарына сілтеме жасап.
Жұма күні Ертіске құлап, денесі табылмаған ер адамның мәйіті оқиға орнына жақын маңнан табылды.
«Мейірімділер клубының» мәліметіне сүйенсек, жұма күні сағат 15 шамасында Павлодар маңындағы Кенжекөл ауылының маңында автокөлік мінген ер адам Ертіс жағалауынан өтіп бара жатып, суға құлайды.
Автокөлік ішіндегі үш ер адам аман қалып, төртінші ер адамды судың толқындары алып кеткен болатын. Жоғалған ер адам 1984 жылы туған Александр Головин екені анықталды.
Айта кетсек, іздестіру жұмыстары үш күнге созылды.
Шолушы: Айгерім Таубай