Нью-Йорктағы «Алты ту» саябағындағы аттракциондардың бірі төмен қарай сырғып, кішкентай қыз құлап кетті. Аталмыш жайтқа куә болған тұрғындар оқиғаны дереу видеоға түсіріп алған.
Видеода кішкентай қыздың құлап кетпес үшін жанталасып, барынша ұсталып тұруға тырысуда. Ол уақытта оқиға орнына қызды қағып алу үшін бірнеше адамдар жиналып үлгерген. Кейбіреулер ағаштың бұтақтарын тартып, қызды жарақаттап алмауды көздеген. Кейіннен қыз құлап, оны жиналған адамдар қағып алған. Қызды дереу ауруханаға жеткізген.
Саябақ басшылығы аталмыш жайтты растап, осы оқиғадан кейін толыққанды тексеріс жүргізу мақсатында саябақтың жабылғандығын мәлімдеді.