Бразилия президенті пара алды деп айыпталды

/uploads/thumbnail/20170710161452194_small.jpg

Бразилия президенті Мишель Темер жемқорлық үшін айыпталуда. Мемлекеттің бас прокуроры Родригу Жано тарихта бірінші рет Жоғарғы сотты биліктегі президентке айып тағуды сұраған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі bbc.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Темер ірі ет шығаратын кәсіпорынның жетекшісінен қомақты қаржы алған  деп айыпталуда.

Бас прокуратураның Бразилия президентіне қатысты айыбы Жоғарғы сотқа жіберліп істің парламентке өту мәселесі қарастырылуда. Бразилия заңнамасына сәйкес егер парламент президентке қарсы дауыс берсе ол 180 күнге өз орнынан босатылады. Егер аталған уақыт ішінде Темер кінәлі деп табылса ол өз президенттік орнын босатады.  Темер өз кезегінде өзінің кінәсіз екендігін дәлелдеуге уәде берді.

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар