«Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауында «Қамшы» тілшісі үздік атанды

/uploads/thumbnail/20170710161452949_small.jpeg

Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында және Алматы қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметші күнін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес мемлекеттік басқару органдары мен мекемелерінде жұмыс істейтін мамандар арасында өткен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты қалалық байқаудың қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Байқау бес кезеңнен тұрды: «Жадымыздағы жайлар» кезеңі – сұрақ-жауап, «Қазақ сөзі» кезеңі – тіл туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, айтулы тұлғалардың тіл туралы айтқан ойларына байланысты тапсырма, «Жер-судың аты – тарихтың хаты» кезеңі – Қазақстанның танымал жерлеріне байланысты тапсырмалар, «Мәселенің мән-жайы» кезеңі – тіл мәселесіне байланысты өзекті ойлар талқысы, «Мәңгілік Ел – Мәртебелі тіл» кезеңі – шығармашылық кезең.

Байқаудың басты мақсаты – қазақ тілінің қолданылуын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау.

Әр кезеңде қатысушылар ойды жеткізе білу шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін көрсетті.

Байқауда қызлық еткен белгілі тележурналист, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Өнер академиясының құрметті профессоры, Қазақстан Журналистер одағы мен «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері Нұртілеу Иманғалиұлы журналистерді кәсіби мерекесімен тойлап, жүлдегерлерді марапаттады:

«Бұл күн - бір жыл ішінде бір күн болса да өзімізді адам секілді сезінетін күн. Бүгінде журналистердің мемлекеттік статусы әлі күнге дейін айқындалмай келеді, пәтер мәселесі - ең күрделі дүние, ал бүгін осындай мәселелерді ұмытатын жалғыз күн», - дей келе айтулы күнді жыл сайын аса ыждаһаттылықпен күтетінін, жақсы көретінін айтты. Сондай-ақ, журналистердің құқығына, міндетіне қысқаша тоқталып өтті:

«Биліктің алдында біраз шындықты айтатын уақыт жақындады. Өзіміздің құқығымызды, нормамызды қорғайтын азаматтар мен азаматшалардың алдында тұрмын деп ойлаймын. Сіздердің атқаратын істеріңізді бағалау керек.

Журналистиканы ұстап тұрған болашаққа деген сенім, имандылық, көркем мінез. Кәсп жасап, бала-шағаны асыраудың неше-түрлісі бар. Біз бөлек жандармыз, шывғармашыл жандарымз, тіпті қоғамдық қақтығыстарды реттеуші күшпіз».

Телеарнадағы журналистика бойынша үздік деп танылғандар:

3-орын, Гүлнұр Байменова

2-орын, Әмірболат Құсайынұлы

1-орын, Назым Перне

Интернет-сайт бойынша байқау жеңімпаздарын бүгінде қоғамдық мәселерді қозғап жүрген «Қамшы» ақпараттық агенттігінің жетекшісі Біләл Қуаныш марапаттады.

3-орын, Қаншайым Байдәулет

2-орын, Елдос Дастан

Бас жүлде, Нұрғали Нұртай

Радио саласы бойынша үздік журналистер:

3-орын, Гүлмәрия Молдабергенова

2-орын, Гүлбану Алпамысқызы

 Бас жүлде, Бақыт Жағыпар

Баспасөздегі журналистика бойынша үздік деп танылғандар:

3-орын, Ақниет Оспанбай, Түркістан газеті

2-орын, Айгүл Атамбайқызы, Егемен Қазақстан

Бас жүлде, Төреғали Тәшенов.

Қатысты Мақалалар