Аспалы жол қатты желдің салдарынан үзіліп кетіп, жеті адам қайтыс болды

/uploads/thumbnail/20170710161454113_small.jpg

Оқыс оқиға Үндістандағы Кашмирде болған. Қатты желдің салдарынан аспалы жолдың арқаны үзіліп кетіп, кабина жерге құлап түскен, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі India Today сайтына сілтеме жасап.

Үндістанның солтүстік аймағында таулы аймақтағы аспалы жолдың арқаны үзіліп кетіп, салдарынан жеті адам қаза тапты. Сонымен қатар, 100 адам басқа кабиналарда тұрып қалған.

Фотографтар оқиға орнында түсірілген суреттерді Twitter парақшаларында жариялаған.

Үндістандағы БАҚ өкілдерінің мәліметінше, жерге құлап түскен кабинаның ішінде 4 адамнан тұратын жанұя, тағы екі бала мен жергілікті гид болған. Қатты желдің салдарынан алып қарағай аспалы жолдың арқанына құлап түсіп, кабина жерге құлаған.

Шолушы: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар