Нигерияның Сомалимен шекаралас аймағында жарылыс болып, 8 адам қаза тапты. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Құрбан болғандардың төртеуі – жас бала. Соңғы мәліметтерге қарағанда, қолдан жасалған жарылғыш төрт полиция қызметкері мен балалар мінген жүк көлігі өтіп бара жатқанда іске қосылған. Қаскөйлік шабуылды әзірге ешқандай топ мойнына алған жоқ.
Айта кетейік, Нигерияда «Боко Харам» лаңкестік тобы әрекет етеді. Олар елдегі батыстық білім беру жүйесіне қарсы шығып, шариғат ережесін енгізуді көздейді. Лаңкестер аймақтағы Нигер, Камерун, Чад елдерінде бірнеше рет жарылыс ұйымдастырды. 2009 жылдан бері қаскөйлердің шабуылынан 13 мыңнан астам адам қаза тапты.

Шолушы: Айгерім Таубай