Түркия Сирияның солтүстік бөлігінде жаңа ірі әскери операция өткізе алады. Тіпті күрдтердің орналасып алуын тежеу мақсатында өздерінің бақылау аймағына Манбидж және Ракка қалаларын да қосып алмақ. Бұл туралы «Известия» басылымына Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған хабарлады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Оның айтуынша, Сирияның солтүстік аймағына күрдтердің мемлекет құруына Анкара жол бермек емес, қауіп төне қалса, ірі көлемдегі әскери операцияны өткізуге дайын.
«Бүгінде Сирияда келеңсіз процесс орын алған. Егер бұл процесс барысы біздің шекараға қауіп төндірсе, біз «Евфрат қалқаны» операциясы секілді жолға көшеміз», - деп мәлімдеді түрік басышысы.
Сондай-ақ, Ердоған Анкарамен стратегиялық серіктестік орнатқан мемлекеттердің күрдтердің «Демокартиялық одақ партиясы» ұйымы және «Халықты қорғау» әскери қанатында «террористермен бірігіп жұмыс атқаратынына» қапалы.
Әңгіме сириялық күрдетрден тұратын әскери топты ДАИШ-қа қарсы қолданбақ ниеттегі АҚШ жайында болып отыр.
Ердоғанның шешіміне Ресей мен АҚШ алаңдап қалды. Мәскеу Түркия мен күрдтер арасындағы үлкен соғысқа жол бермеуді қадағалайтындарын мәлімдеді.
Шолушы: Гүлім Жақан