Павлодарда «Артур» сауда үйінің көлік тұрағында Лада Приора маркалы жеңіл көлік жанып кетті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі pavlodarnews.kz сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақпарат 27 маусым күні сағат 16:33-те түскен.
- Өрт төрт шаршы метрге дейін ұлғайып, сағат бес кезінде сөндірілді. Өртке қарсы бір техника және төрт адам жұмылдырылды. Машинаның салоны және моторының бір бөлігі жанып кетіпті. Төтенше жағдай неден орын алғаны анықталуда. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, жалын жақын тұрған көлікке де жеткізбей өшірілді, - дейді ТЖД мамандары.
Шолушы: Айгерім Таубай