Солтүтсік Каролина шататының тұрғыны Джастин Салливан ДАИШ-қа қаржылық қолдау танытқаны үшін, сондай-ақ экстремистік топтың атынан теракт ұйымдастырмақ болғандықтан өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі Жергілікті БАҚ-тың мәліметіне сүйеніп.
Солтүстік Каролинаның Батыс округінің прокуроры Джилл Уэстпорлендтің мәлімдеуінше, 21 жастағы сотталушы «бірнеше адам зардап шегуі мүмкін» теракт ұйымдастырмақ болған.
Сотта Джастин өзіне тағылған кінәсін мойындап, атынан шын мәнісінде щабуылдамақ болғанын айтты. Оның үстіне, Сириядағы ДАИШ террористік ұйымының мүшесімен тығыз байланыста екендігін де жасырмады.
Тергеуге сәйкес, Салливан экстремистік ұйымға 2014 жылы әуесқойлық танытқан. Сол жылдың желтоқсанында 74 жастағы көршісін өз әкесінің қаруымен атып өлтірген. Бұл қылмысы үшін тек 2015 жылдың маусымында сотталған.