Алматыда жоғалып кеткен 22 жастағы студент табылды

/uploads/thumbnail/20170710161533095_small.jpg

Алматыда жақында  жоғалып кеткен 22 жастағы студент Арман Нұржанұлы табылғандығы белгілі болды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды. Арман Нұржанұлының табылғандығы туралы  Алматы мәслихатының депутаты, қоғам қайраткері Константин Авершин өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазған: "Арман Нұржанұлы табылды! Ол аман-есен. Аздап есте сақтау қабілетіне байланысты проблемалары бар"-дейді ол.  Авершин еліміздегі полиция қызметінің сапалы жұмыс атқаратынын атап өткен. Сонымен бірге жігітті іздестіруге ат салысқан еріктілерге алғыс айтты.

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар