Нью-Йорк қаласында метрода екі вагон рельстен шығып кетіп, 34 жолаушы зардап шегіп тағы 17 адам ауруханаға жеткізілді. 800-ден астам адам эвакуацияланды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости-ға сілтеме беріп. Нью-Йорк Таймстың хабарлауынша, апат таңғы уақытта орын алған. Пойыз кенеттен қозғалысты тежеп, екі вагоны рельстен шығып кетіп, туннель қабырғасына соқтығысқан. Адамдарды сыртқа шығару құтқарушылардың 1 сағат уақытын алған.
Шолушы: Назерке МҰСА