КХДР Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хе мен оңтүстік Корея барлау қызметінің басшысы Ли Бен Хоны сырттай өлім жазасына кесті, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Пхеньян оларды Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынға қастандық жасамақ болғаны үшін айыптап, Сеулден екі сотталушыны беруді талап етті.
КХДР ақпараттық агенттігінің мәліметінше хабарлауынша Пак Кын Хе мен Ли Бен Хо 2015 жылы Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынді өлтірмекші болған.
Солтүстік Корея агенттігінің хабарлауынша, Пак Кын Хе мен Ли Бен Хоны өлім жазасына кесу туралы жарлық Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі және КХДР орталық прокуратурасы мен қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің бірлесуімен қабылданған.
Айта кетейік, Пак Кын Хе президенттіктен 2017 жылдың наурыз айында импичмент нәтижесінде кеткен болатын. Қазіргі таңда оның үстінен жемқорлық, қызметін асыра пайдалану, мемлекеттік құпияларды жария ету сынды баптар бойынша қылмыстық іс қозғалған.