Ресей президенті Владимир Путин шетелдік арнайы қызметтердің экстремистік және террористік топтарды тікелей қолдайтындығын мәлімдеді. Президент бұл мәлімдемесін СВР штаб-пәтерінде офицерлерді құттықтау сөзінде айтып өтті. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
«Ресейге қарсы қару ретінде экстремистік және террористік топтар қолданылады. Олардың дерлік көпшілігі бірнеше мемлекеттердің арнайы қызметтерінің тікелей қолдауымен қамтамасыз етіліп, қамқорлығында болатыны ешкімге беймәлім емес»-деді Путин өз сөзінде.
Сонымен бірге Ресей президенті шетелдік арнайы қызметтер кибершабуыл, ақпаратты бұғаттау секілді тәсілдерді қолданатынын атап өтті.
Шолушы: Назерке МҰСА