АҚШ тұрғыны Джастин Салливан есімді жігіт өмірлік бас бостандығынан айырылды. 21 жастағы Джастинға «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» атынан шабуыл жасамақ болғаны үшін осындай үкім кесілді деп жазады. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды. Тергеу мәліметі бойынша, Джастин Салливан 2014 жылдан бері экстремистік идеяларға қызығушылық таныта бастаған. Сол жылы 74 жастағы көршісін атып өлтіріп, оның ақшасына қару-жарақ сатып алған екен. АҚШ-тың Әділет министрлігі өкілдері Салливанның Сириядағы экстремистердің бірімен тығыз байланыста болғанын хабарлады.
Шолушы: Назерке МҰСА