АҚШ 6 мұсылман еліне виза беру үшін жаңа ережелер бекітті

/uploads/thumbnail/20170710161613885_small.jpg

Үміткерлердің Құрама штаттармен іскерлік байланыста немесе отбасылық тығыз қарым-қатынаста болған жағдайда ғана америкалық визаға қол жеткізе алады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

АҚШ билігі 6 мұсылман елдерінің азаматтары мен барлық босқындарға виза беру үшін жаңа ережелерді бекітті. Бұл туралы Associated Press агенттігі АҚШ-тың мемлекеттік департамент меморандумына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жаңа талаптар АҚШ-тың шетелдегі дипломатиялық өкілдеріне жіберілді. Құжатқа сәйкес, виза тек АҚШ-пен іскерлік неме отбасылық байланысы бар үміткерлерге ғана беріледі.

Белгіленген азаматтар Құрама штаттарында ата-анасы, күйеуі , әйелі, бауырлары тұратынын растау керек. Ал тек алыс туыстары ғана болса, талапқа сай келмейтіні ескертілді. 

Қатысты Мақалалар