Мадридте такси жүргізушілерінің кезекті наразылық шарасы өтті

/uploads/thumbnail/20170710161724749_small.jpg

Мадридте «Убер» мен «Каби фай» онлайн қызметтеріне қарсы бағытталған такси жүргізушілерінің кезекті наразылық шарасы өтті. Олар Испания көлік министрлігі ғимараты алдынан шерумен өтті деп хабарлайды 24.kz. Шерушілер аталған компаниялар адал бәсекеге түспей, заңды бұзып жүр деп санайды. Такси жүргізушілер лицензиясы үшін 120 мыңнан бастап 170 мың еуроға дейін төлеп жүр. Ал «Убер» мен «Кэби фай» жүргізушілері салықтың өзге түрін төлейді екен. Көлікті жүргізушісімен бірге жалдау лицензиясы 4 есе арзан, шамамен 32 мың евро тұрады. 2014 жылы Испания соты «Убер» компаниясы ел заңдарын бұзып, адал бәсекеге түспей жүр деген үкім шығарған болатын.

Осыдан кейін «Убер» Испаниядағы жұмысын доғарған еді. Алайда, былтырғы жылдың аяғында атауын «Убер-Икс» деп өзгертіп Мадрид көшелеріне қайта оралды. Жозе Габриель, такси жүргізушісі: - Өкіметтен көлік жөнінде заңды қорғап, квоталардың сақталуын талап ету үшін көшеге шықтық. Көлікті жүргізушісімен бірге жалдаудың бір лицензиясы 30 такси көлігіне есептелуі тиіс. Бірақ жолдарымызға қарасаңыз, бұл ережеге елемейтінін көресіз.

 

Қатысты Мақалалар