Елбасы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Қамшы ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы прокуратура органдарының мәртебесін, құзыретін және қызметінің тәртібін айқындауға бағытталған «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.