Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландин әлем чемпионатына дайындық үстінде. Әлем біріншілігі 14-30 шілде аралығында Венгрияның Будапешт қаласында өтеді. Дмитрий қазіргі күндері Болгария ашық чемпионатына қатысуда. Сайыстың алғашқы күні отандасымыз 100 метрде брасс әдісімен жүзуде чемпион атанған болатын. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі dodasрort.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жарыстың екінші күні 50 метрде брасс әдісімен жүзуде қола жүлдеге ие болды. 28,05 секунд нәтиже көрсеткен отандасымызды күміс жүлдегер атанған Болгар Лачезар Шумков пен Словак Марек Ботик ұтып кетті.
Үшінші жарыс күні отандасымыз 200 метрде брасс әдісімен жүзуде қарсылас шақ келтірмеді. Осы қашықтықта екінші орында тағы бір Қазақстандық Айбек Қамзенов еншіледі.
Шолушы: Айгерім Таубай