Әлеуметтік желіден шықпайтын Трамп өзін «заманауи президентке» балады

/uploads/thumbnail/20170710161824704_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамптың әлеуметтік желіде жиі отыратынына байланысты қоғамда дау туған, халық теріс пікірін жаудырды. Алайда өзіне қатысты теріс пікірлерге көңіл аударып жатқан президент жоқ. Бұл туралы Қамшы ақпарат агенттігі Жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Мен әлеуметтік желіні президент ретінде емес, заманауи президент ретінде пайдаланамын», - деп жазды Трамп Твиттердегі парақшасына.

Осыдан бұрын Трамп Эм-эс-эн-би-си арнасындағы Morning Joe бағдарламасының жүргізушілері Мике Бжезински мен Джо Скарборо жайында бірден жауап қатқан.

Оның Твиттердегі жазбасы демократтар ғана емес, дүйім республика тарапынан талқыланған. Алайда Ақ үй президентті қорғай түскен.

Ал президенттің өзі әлеуметтік желіні пайдалану арқылы мемлекет жұртшылығымен тікелей байланысқа шығуына мүмкіндік алатынын айтты.

«БАҚ-тың таратып жүрген фейк жаңалықтары республикалықтарға менің әлеуметтік желіні пайдаланбауымды айтып үгіттейді. Бірақ естеріңізде болсын, мен 2016 жылы болған сайлауда сұхабаттар мен әлеуметтік желіге шығуымның арқасында жеңіске жеттім», - деп жазды ол парақшасына.

Аталмыш жағдайдың бәрі Трамп пен Ресейдің байланысы жайында жазған Си-эн-эн арнасының үш журналисінен кейін басталған. Бүгінде үш тілші өз орындарын босатқан. Ал оларға қатысты Трамп Твиттердегі парақшасына былай деп жазған еді:

«Мен Си-эн-эн арнасының #фейкжаңалықтарын арнаның #алаяқжаңалықтары деп өзгертуді ойланып отырмын».

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар