2017 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстандағы инфляция 3,7%-ды құрады

/uploads/thumbnail/20170710161825910_small.jpeg

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы алты айда (2017ж. маусым 2016ж. желтоқсанға) 5,1%, азық-түлік емес тауарларына – 3%, ақылы қызметтерге – 2,8%-ға өсті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

пайызбен, өсуі

 

2017ж. маусым

2017ж. қаңтар-маусым 2016ж. қаңтар-маусымға

2017ж.

мамырға

2016ж.

желтоқсанға

2016ж. маусымға

2015ж.

желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

0,4

3,7

7,5

12,5

7,7

Азық-түлік тауарлары

0,7

5,1

9,7

15,3

9,6

Азық-түлік емес тауарлар

0,4

3,0

7,7

12,8

8,3

Ақылы қызметтер

0,1

2,8

4,8

9,1

4,8

Ағымдағы жылдың басынан (2017ж. маусым 2016ж. желтоқсанға) бағаның өсуі картопқа 77,3%, жаңадан жиналған көкөністерге – 15,6%, қой етіне – 10,7%, сиір етіне – 9%, жаңадан жиналған жемістерге – 7,9%, консервіленген сүтке – 6,4%, сары майға – 5,6%, жылқы етіне – 4,6%, кондитерлік өнімдерге – 4,3%, мәйекті ірімшікке – 3,8%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қиярға 58,7%, қызанаққа – 28,7%, жұмыртқаға –27%, қарақұмық жармасына – 13,4%, күнбағыс майына – 6,6%, қантқа – 1,8%-ға тіркелді.

 

Баға өсімі автомобильдерге 4,7%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 4,6%, тоқыма бұйымдарына – 3,4%-ға, жеке қолданатын тауарларға, тұрмыстық аспаптарға – 2,9%-дан, фармацевтикалық өнімдерге, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына – 2,8%-дан, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 2,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 2,4% құрады. Дизель отыны 6,6%, баллондағы сұйытылған газ – 5,8%, бензин – 5,4%-ға қымбаттады.

 

Баға деңгейі құқық қызметтеріне 7%, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8%, денсаулық сақтау – 4,8%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 2,6%, қоғамдық тамақтандыру – 2,5%-ға өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы 4%, ішкі қалааралық – 2,7%, жолаушылардың әуе көлігімен – 2,4%-ға қымбаттады, ал темір жол көлігімен – 1,4%-ға арзандады.

 

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 7,4%, орталықтан жылытуға – 7,3%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,2%, ыстық суға – 3,8%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 3,5%, электр энергиясына – 3,2%, суық суға – 2,4%-ға жоғарылады.

Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі МАУСЫМ.png

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын  зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2017 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі 37,6%, азық–түлік емес тауарлар – 30,2%, ақылы қызметтер – 32,2%–ды құрады.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет
 

Қатысты Мақалалар