Алматыда Сайран көлінің жағасында жаппай төбелес болды, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде оқиға орынан видео жарияланды. Алматы қаласы ІІД оқиғаны растады.
«Оқиға сағат 19:00-де «Сайран» өзенінің жағлауында орын алған. Екі топ ерлер арасында жаппай төбелес болды. Полиция қызметкерінің араласпау себебіне келсек, ол біріншіден қарусыз болған. Екіншіден, ол арнайы ереже бойынша әрекет етті. Тез арада қосымша күш шақырды. Соның арқасында төбелесті одан әрі ушықтырмай тоқтату мүмкін болды» - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазір төбелес шығарғандар ұсталып, Алмалы ІІБ жеткізілді. Олардың бірі ОҚО-да алаяқтық үшін іздеуде болған. Оқиға орнында 10-нан астам адамға медициналық көмек көрсетілді.