Корольді құдайға теңеген журналист қызметінен қуылды

/uploads/thumbnail/20170710161853959_small.jpg

Саудиялық газеттің шолушысы мемлекет королі Салман Саудты Алланың есімдеріне теңегені үшін қызметінен босатылды, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі. Журналисті жазалауды корольдің өзі бұйырған.

«Әл-Жазира» газетінің журналисі корольға қатысты «әл-халим» және «әл-икаб» теңеулерін қолданған.

«Әл-халим» теңеуі исламда Алланың 99 есімдерінің бірі саналады, «әл-икаб» теңеуі бұл аталмыш тізімге кірмесе де, адамға қатысты теңелмеуі тиіс сөз.

Саудиялық «Әл-Жазира» газетінің бір есімді катарлық телеарна мен медиахолдингке қатысы жоқ.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, аса сілтеп мақталған мәтінді король Салманның өзі жақтырмаған. Ақпарат министрлігіне өзінің разы емес екенін білдіріп, тілшіні қызметінен босатады.

Жексенбі күні, 2 маусымда «Әл-Жазира» газеті корольден кешірім сұрап, мақала жариялайды. 

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар