Солтүстік Корея дүйсенбі күні Кореяның қарулы күштері мерекесі қарсаңында өздерінің ракеталары әлемнің кез келген түкпіріне жетіп, жарып жіберетіндігін айтып ескертті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап.
Бұл жайында жергілікті БАҚ беттерінде Пхеньяндағы парад кезінде түсірілген ракеталардың суреттерімен бірге түрлі мақалалар жарияланды.
«Корея Ұлттық Армиясының стратегиялық әскері әлемнің кез келген түкпіріне кез келген уақытта соққы жасай алады», - деп жазады жергілікті басылымдар. Оның а туынша, бұл ракеталарды табу мүмкін емес, сол себепті де 100 ракета жіберілсе, 100-і де сәтті жарылыс жасайды.
Сонымен қатар, кезекті басылымдарда Солтүстік Корея АҚШ-тың әскери базасына соққы жасайды деген тікелей қоқан-лоққы жоқ. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің салған санкциясына қарамастан Солтүстік Корея АҚШ-қа бағытталған түрлі қорқытулармен қатар, ракеталық қарулар жасап шығаруын тоқтатар емес. Өздерінің ядролық қарулары жайында еш ақпарат таратпағандықтан Пхеньянның әскери дайындығы әлем бойынша үрей туғызуда. Сол себепті де Халықаралық ұйым КХДР-дан ядролық және ракеталық қару шығаруларын тоқтатуды талап етуде.

Аударған: Назерке Лабихан