Ливанда сириялық босқындар тұратын лагерь өртеніп кетті. Тілсіз жаудың кесірінен 4 адам қаза тауып, тағы бірнешеуі жараланған. Бұл туралы Қамшы ақараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кету керек, 200-ге жуық шатыр құрылған лагерьді бұған дейін 750 босқын паналап келген еді. БҰҰ баспасөз хатшысы Дану Слеманның айтуынша, оттың тұтануына пештен шыққан ұшқын себеп болған. Өрт айналадағы шатырларға лезде тарап, газ баллондары жарылған. Қазіргі уақытта Ливанда бір жарым миллионға жуық сириялық босқын тұрады.
Шолушы: Айгерім Таубай