Ақмола облысының Бурабай ауданында Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтті, деп хабарлайды Қамшы ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында Атамекен ауылы аумағында «Құт мекен - Атажұртқа оралғандарға - 25 жыл...» атты тақырыппен өткен шараға Астанадан келген қонақтар мен Бурабай ауданының әкімі Қанат Қарауылов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Тойда көп бала өсіріп, тәрбиелеген аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Шарада жергілікті көркемөнерпаздар ұжымдарының концерттік бағдарламасы мен аламан-бәйге, кұнан бәйге, көкпар тартыс, қыз куу, қазақша күрес тәрізді ұлттық спорт ойындарының жарысы өтіп, үздіктері марапатталды.
Сондай-ақ, этноауыл, ақындар айтысы мен қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі де той қонақтарының қызығушылығын арттырды.


