Туған балалары мен күйеулерін өлтірген «қаралы жесірдің» оқиғасы

/uploads/thumbnail/20170710162125618_small.jpg

Белль Сорансен Ганнесс – 40-тан астам адамның өліміне себепші болған қанды қол қылмыскер әйел. Оның құрбандарының арасында өзінің туған балалары да болған, сонымен қатар күйеулері мен көңіл білдірген ер адамдар, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Мұндай жантүршігерлік қылмыстарды ол әйел 1881 жылы Америкаға барғаннан кейін бастаған. Норвегиялық қыз қажетті қаражатты жинап, шетелде кетуі үшін фермада ауыр жұмыстар атқаруына тура келген. Өзіне керек қаражатын жинап болғаннан кейін үйін тастап, АҚШ-қа көшіп кеткен. Бұл елге келгеннен соң есімін Брунгиль Полдсдоттерден Белль деген атқа ауыстырады. Кейіннен сол елде жүріп өзінің болашақ күйеуі Мэдс Соренсті кездестіреді.

Белль қандай оймен күйеуін өлтіруге барғандығы белгісіз. Алайда бірнеше уақыттан кейін екеуінің кондитерлік мекемелері өртеніп, сақтандыру компаниясы оларға қомақты қаржы төлейді. Бұл оқиғадан кейін Белль өте қауіпті бизнесті ойлайды. Соренстердің 4 баласы болған. Солардың біреуін Белль сақтандырып қоюға бел буады. Дәл сол сақтандырған балалары белгісіз қаза таба бастайды. Алайда барлығының өлімінің себебі бір – уланған. Сол уақытта балалары қаза тапқан ата-аналар сақтандыру компанияларынан ақша ала бастаған.

Бірнеше жыл өткеннен соң оның күйеуі қаза табады. Бір қызығы, көз жұмардан бір ай бұрын ол өзінің өмірін сақтандырып қойған болатын. Мұны да сәйкестік деп атауға болады ма? Дәрігерлер оны жүрек талмасынан көз жұмды деп мәлімдеген. Ал басқа дәрігердің айтуынша, ол әйелдің күйеуі стрихнин атты заттан уланып өлген. Алайда, Белль жұрттың бәрін өзінің сөзіне сендіріп, мәйітті көрсетуден бас тартқан. Кейіннен сақтандыру компаниясы оған 8 000 АҚШ доллары көлемінде қаржы төлеген. Жинаған ақшаларын және қалған балаларын алып жесір әйел басқа штатқа көшіп барып, сол жақтан жаңа ферма ашып алады. Алайда сақтандыру ісіне қатысты оның алаяқтығы толастаған емес, бірнеше уақыт өткеннен кейін ол сақтандырып қойған қайық өртеніп кеткен.

1902 жылы Белль екінші рет тұрмыс құрады. Тойдан кейін 12 күн өткен соң күйеуінің кіші қызы қатыс болып, 6 ай өткен соң Петердің өзі көз жұмады. Сол уақытта Белль аяғы ауыр бола тұры қалталы азаматтармен таныса бастаған. Жесір әйелге көңіл білдірушілер көп болған, алайда оның маңына жолаған адам тірі күйінде қайтып келмейтін.

Ферма күзетшілерінің бірі Рэй Ламфер жесір әйелге ессіз ғашық болғаны соншалық, оның қитұрқы жоспарларына көмектесуге уәде берген. Алайда біраз уақыттан кейін әйел ол күзетшіні де орға жығады.

Ферма өртенерден бірнеше күн бұрын Белль полиция бөліміне келіп Лафмердің өзіне қоқан-лоққы жасап жатқандығын айтып шағымданған. Түнде болған өрттен кейін 4 адамның мәйіті табылған: оның үшеуі кішкентай балалардікі болса, біреуі бассыз жатқан әйелдің мәйіті. Экспертиза нәтижесі бойынша, кішкентай балалар өрт шыққанға дейін өлтірілген болса, бассыз әйел Белльдің фермасында жұмыс істеген экономист қыздың денесі болып шыққан. Ал жесір әйелдің өзі із-түссіз жоғалып, қашып кеткен.

1931 жылы ол әйелді Миссисипидан көрген деген қауесет тараған болатын. Ал ресми деректерде Белль Соренсен Ганнесс 1908 жылы өрт кезінде қаза тапты деп көрсетілген.

 

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар