Шымкентте екі жастың тойына жиналған қонақтар тойды жас-жұбайларсыз өткізді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Тойға жиналған бес жүз адам жақсылап көңіл көтеріп, жас жұбайлардың құрметіне тілек айтып, бала дүниеге келгенше тойлатқан.
"Алғашында екі жастың шаңырақ көтеруін тойлап жатқан , ал кейін шілдехана тойын бастап жіберді", - дейді жас-жұбайлардың туыстарының бірі Мира Сүлейменова.
Қалыңдық жүктіліктің сегізінші айында болатын. Той алдында қатты қобалжыған қалыңдықтың толғағы басталып, бірден перзентханаға жеткізілген. Күйеу жігіт келіншегінің жанында болды.
Той иелері тойды кейінге шегермей, жалғастыра берген. Қонақтар перзентханадан хабар күтіп отырған. Келіншектің қыз босанғанын естіп, шілдехана тойын бастап кеткен екен.
Шымкенттік жас-жұбайлар бүкіл қазақ еліне танымал болды.
Шолушы: Ақнұр МҰХТАРХАН