Жас шаңғышылар Талғардағы спорт лагеріне барады

/uploads/thumbnail/20170710162132450_small.jpg

2017 жылдың 10-18 шілдесі аралығында шаңғы жарысымен айналысатын 12-16 жастағы 60 бала «Алатау» шаңғы-биатлондық кешенінде орналасқан жазғы спорттық-сауықтыру лагеріне бармақ деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Аталған лагерь Іле Алатауы жотасының беткейінен 1500 метр биіктіктегі бірегей жерде, Талғар қаласында орын тепкен. Жас спортшылар еліміздің атақты шаңғышыларының шеберлік сабағына қатысып, спорттық дағдыларын жетілдірмек.

Балаларға арналған жазғы лагердің ұйымдастырушысы «Қазақстан Республикасы Шаңғы жарысының ұлттық федерациясы» ҚБ келуші қонақтарына арнап қызықты әрі тартымды бағдарлама әзірледі.

Лагердің спорттық бағдарламасы түрлі жаттығулар, тимбилдингтер, жүзу, волейбол мен үстел теннисінен достық жарыстарды және шаңғы роллерлеріндегі командалық сайыстарды қамтыған.

Спорттық шаралардан өзге балалар атпен серуендеу мүмкіндігіне ие болып, Владимир Смирнов пен Анатолий Букреев сынды қазақстандық танымал шаңғышылар туралы фильмдерді тамашалай алады. Сондай-ақ, мәдени бағдарламада концерттер мен би кештерін өткізу қаралған.

Қатысты Мақалалар