ОҚО жасөспірімдердің жүкті болуы бойынша елімізде көш бастап тұр

/uploads/thumbnail/20170710162201280_small.jpg

Оңтүсік Қазақстан облысында ажырасулар саны артып, неке саны азайып бара жатыр. Ал жеткіншектердің жүктілігі көбейген деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі tvk-uko.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Шымкентте  неке саны азаюмен қатар, кәмелетке толмағандардың жүкті болуы көбейген. Өткен жылдың өзінде облыста 500 рет отбасылық зорлық-зомбылық фактісі тіркеліпті Өкінішке қарай, облыс кәмелетке толмағандардың жүктілігі бойынша бірінші орында тұр. Ресми мәліметтерге қарағанда, кәмелетке толмаған аналардың саны бойынша Шымкент көш бастаған.

Елімізде  қазіргі уақытта Бас прокуратура бастамасымен «Қазақстанда зорлық-зомбылық жоқ отбасы» деп аталатын пилоттық жобаны іске қосты. Бағдарлама тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, ерте жүктілік, бала өзін-өзі өлтіргенін азайтуға бағытталған.  Бұл жоба жақын да іске асып, өз жемісін береді.

Қатысты Мақалалар