Үндістанда өте ауыр қылмыс жасаған ер адамға қатысты ауыл тұрғындары өздерінше үкім шығарып, жазалаған. Оған кішкентай бүлдіршінді сексуалды зорлыққа жықты деген айып тағылған. Педофилді жан-жағынан қаумалаған бірнеше әйел оның аяқ-қолын байлап, аямай таяқтың астына алған.
Байланып жатқан қылмыскер, тіпті, қарсыласпайды да, жерде сұлық атқан күйде әйелдердің соққысына жығылған. Видеороликтің соңында полиция қызметкерлерінің келіп араласқандығы көрінеді. Алайда олар тұрғындарға қарсы шықпайды, керісінше, олармен бірге қылмыскерге қандай жаза қолданатындығын шешкен. Зорлау ісіне қатысты нақты деректер әзірге беймәлім.