Қазақстандық ЖОО түсу үшін ҰБТ қанша бал жинау керек?

/uploads/thumbnail/20170710162210645_small.jpg

Үкімет қаулысының 33 пунктінде  түлектердің қандай балмен ЖОО түсе алатыны бекітілді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Шығармашылық емтиханда 5 балдан төмен алғандар немесе емтиханға келмегендер білім грантына ие бола алмайды.

43 пункте былай делінген: Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге арнаулы орта, жалпы кәсіби білім алғандар ҰБТ немесе колледжден кейін тапсыратын тесттен 65 балдан төмен жинамаған болуы керек. Ал «Білім», «Ауылшаруашылық ғылымдар» және «Мал дәрігерлігі» секілді мамандықтарды игеру үшін 60 балдан төмен болмауы тиіс. Басқа ЖОО 50 балдан төмен емес. Ал «жалпы медицина» секілді мамандықтарға 65 балдан төмен емес. Оның ішінде Қазақстан тарихынан 5 балдан төмен жинамауы тиіс.

            Шекті балды жинағандар ЖОО басшысының атына оқу орнына ақылы бөлімге қабылдауға өтініш жазады. Оған қоса ҰБТ сертификаты немесе БТ және мөр басылған, қол қойылған транкрипттің көшірмесін өткізу керек.

           

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар