Месси «Барселонамен» келісім шартын 2021 жылға дейін ұзартады

/uploads/thumbnail/20170710162236319_small.jpg

Әйгілі аргентиналық футболшы Лионель Месси «Барселонамен» келісімшартын 2021 жылға дейін ұзартатын болды. Бұл туралы Қамшы ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

 30 жастағы футболшы 15 шілде күні командамен келісімшартын 2022 жылға дейін ұзартатыны туралы кеше басылымдарда жазылған еді. Бүгін жарияланған ресми ақпар бойынша, ойыншы келісімшартын 2021 жылға дейін ұзартады екен. Қазіргі келісімшарты 2018 жылдың жазында аяқталатын еді. Лионель Месси «Барселона» сапында 2003 жылдан бері ойнап келеді. Сегіз рет Испания чемпионатында, төрт рет Чемпиондар лигасында топ жарды. Бес рет Испания кубогында үздік шықты.

Футболшы каталондық клуб сапында 583 ойынға қатысып, 507 гол соқты.

Шолушы: Айгерім Таубай
 

Қатысты Мақалалар