Ресей және АҚШ президенттері кездесу өткізбек, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі.
Кездесудің басты мақсаты жұмыс жайында болады, деп айтты Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Би-би-си тілшісіне берген сұхбатында.
Кремль өкілінің айтуынша, бұл диалог «күннен күнге ұлғайып жатқан проблемалар мен сыни бұқаралық жанжалдарды шешуде, тиімділігін арттыруда әлем үшін аса маңызды».
«Екі президент алғашқы рет кездесіп отыр. Маңыздысы – осы», - деді Песков. Кремльдің мәліметінше, кездесу жұмыс аясында өтеді.
Ал Путин Трамппен қол алысып амандасуға дайын ба деген сұраққа Песков «тілішіге тығырыққа тірегенін» айтқан.
Песковтың айтуынша, Путин Трамппен кездесуге «Үлкен жиырмалық» саммитіне дайындалғандай үрдіспен дайындалып жатқан көрінеді.
Путин мен Трамптың алғашқы кездесуі 7 шілдеде болмақ. Ол күн германиялық Гамбургтегі «Үлкен жиырмалық» саммитіне тұспа-тұс келеді.
Екі басшының жеке кездесуі жөнінде 4 шілде күні белігілі болған. Песков тілшілерге «аяқта тік тұратын емес», «толыққанды отыратын» кездесу өтетінін мәлім етті.
Кремль өкілі Трамп пен Путиннің кездесуінде өрбитін тақырыптар ретінде мыналарды атады: халықаралық терроризммен күрес, Сирия мен Украина мәселесі, сондай-ақ «қарусыздану саласы».
Шолушы: Гүлім Жақан