АҚШ: Террористердің басым бөлігі мұсылман емес

/uploads/thumbnail/20170710162305902_small.png

Ислам – сөзбе-сөз алғанда мойынсұну, берілу (Аллаһқа-ред.) деген мағынаны білдіреді. Ислам – қауіпсіздік пен бейбітшілік діні. Ең өкініштісі, осы қағидаларды негіз ететін исламды, кейбіреулер терроризмнің синонимі ретінде қарастырады. Бұл ең үлкен тарихи қате болып табылады, бұл жайт осындай пікірдегі адамдардың ислам жайында білімдерінің таяздығын байқатып, жан-тәнімен терең бойлап түсінбегендігінде жатыр. 

Америкалық ұлттық зерттеу институты қоры Құрама штатта 2008-2016 жылдар аралығында орын алған террористік актілерге талдау жүргізді, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі.

Оның нәтижесінде көпшіліктің санасында нық орын алған түсініктер өзгереді – әсіреұлтшыл, нәсілшіл топтардың жасаған терактілері мен шабуылдары «ислам терроризмі» атап кеткен экстремистік терактілерден екі есе жоғары көрсеткішті көрсеткен.

Осы уақыт аралығында АҚШ-та ислам атын жамылып 63 теракті жасалған. Бұл қатарда Сан-Бернардинодағы қастандық шабуылы және Бостон марафонындағы жарылыс бар. Ал дәл осы кезеңде әсіреұлтшыл топтар 115 теракт жасады, оның ішінде Колорадодағы емхана дәрігерлеріне қастандық шабуылы да бар.

«Ислам терроризмі» атауын жамылған терактілердің 13%-ында жанкешті өзін құрбан етсе, бұл жағдай әсіреұлтшылдарда 33%-ға тең. Солшыл радикалды терроризмге (коммунистік және анархистік) келер болсақ, олардың еншісінде аталған мерзім ішінде 19 теракт және 7 құрбан бар. 

Дереккөз: kazislam.kz

Қатысты Мақалалар