«Астана күніне» орай, әнші Бибігүл Қилымханың «Ұлы дала» әнінің клипі шықты деп хабарлайды Qamshy.kz. Клип «Қазақстан» арнасының қолдауымен түсіріліп, 5 шілде күні халыққа көрсетілді.
Әннің сөзін Манас Қайыртайұлы, музыкасын әнші-композитор Ұшқын Жамалбек жазған. Клипте қазақтың ұшы-қиырсыз алып өлкесі, бетегелі боз даласы және Қазақстанның тұңғыш президенті Елбасының қайраткерлік жолы көрсетілген.
Айта кететін болсақ, ән алғаш рет Қазақ көшінің және Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қамшы» порталы өткізген «Көш және Көшбасшы» мерекелік концертінде шырқалған болатын.