Қырғызстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

/uploads/thumbnail/20170710162319814_small.jpg

Қырғызстан Республикасының басшысы Алмазбек Атамбаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі. Бұл туралы қырғызстандық kabar.kg порталы хабарлайды.

«Бауырлас Қазақстанның әр табысы, әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, әлемдік деңгейдегі жобаларды жүзеге асыруы мен халықаралық аренадағы абыройының артуы Сіздің көрегенді саясатыңыздың арқасы. Сіздің бай әрі табысты өміріңіз Қазақстан халқының зор қолдауына ие болған жемісті саясатыңыздың берік негізі екенінде дауым жоқ», - делінген Қырғыз басшысының құттықтауында.

Сондай-ақ, Алмазбек Атамбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, мемлекеттік саясатта табыстарға жетуді және Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі. 

Қатысты Мақалалар