АҚШ тәуелсіздігі күніне (4 шілде) орай берілген төрт күн демалыста Чикагода атыс болып, 100-ден астам адам зардап шекті, - деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып . Полицияның пайымынша, оны жергілікті бандиттер жасаған. Атыстар жайлы алғашқы хабарламалар сенбі күні түсе бастады, бірақ жарақат алғандардың басым бөлігі дүйсенбі кешке тіркелді.
Жергілікті баспасөз ажал құшқандардың саны 15-ке жеткенін нақтылады, қалғандары түрлі дәрежедегі жарақаттар алған. Чикаго билігі қаланың проблемалы аудандарына 1 мыңға жуық полиция қызметкерін жіберген, алайда олар тәртіпсіздікті баса алмады. Чикагода Тәуелсіздік күніне орай берілген демалыстарда атыстар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Өткен жылғы мерекеде 66 адам зардап шеккен болатын.
Шолушы: Әсел Болатқызы