28 шілде күні Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында Профессор Рузуддиновтың медициналық-стоматологиялық колледжінің "Түлек - 2017" атты ДИПЛОММЕН салтанатты марапаттау кеші өткізілді. Биыл 350-ге жуық түлек түлеп ұшса, басым бөлігі еліміздің медицина саласының мықты, білікті мамандары болатынына кәміл сенімдіміз! Колледж 7 мамандық бойынша мамандар даярлауда: "Тіс технигі", "дантис", "стоматолог дәрігердің көмекшісі", "фармацевт", "мейірбике ісі", "медициналық оптик", "техник-электроник". Кешті колледждің іргесін қалаған медицина ғылымының докторы, профессор Рузуддинов Сәуірбек Рузуддинұлы ашып, бітіруші жастарға еңбек нарығында әрдайым сұранысқа ие болып, үлкен белестерден көрінулеріне тілек білдіріп, дипломдармен марапаттады.
Профессор Рузуддиновтың медициналық-стоматологиялық колледжінің
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Құрмашев Ескендір Даниярбекұлы