Әлемге әйгілі Айшвария Рай туған қызының кесірінен сұлулығынан айырылды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710162328826_small.jpg

Үнді елінің әлемге әйгілі актрисасы Айшвария Рай өз заманында ерекше құрметке бөленіп жүретін еді. Болливуд фильмдерін көп қарамайтын адамның өзі бұл актрисаның есімін естіп, сұлулығына тамсанған. Атақты актриса қазір 44 жаста. Ол атақты болғаннан кейін бірнеше рет пластикалық ота жасатқаны белгілі болған. 

Ерекше сұлу қыз 1994 жылы «Әлем аруы» байқауына қатысып, бүкіл елді өз сұлулығымен таңғалдырған болатын.

Ол байқаудан кейін бірден жұлдыз болып шыға келді. Кейін ол бірнеше үнді фильмдеріне түсті, тіпті голливудтық киностудиялармен келісімшарт жасасты.

Ерекше сұлулығымен тамсандырған қыз көк көзді, бет-бейнесі мінсіз экзотикалық образымен ерекшеленетін.

Айшвария Райдың қатысуымен түсірілген фильм бірден атақты болып, көптеген көрермен жинайтын еді.Алайда жұлдызды өмір басында керемет басталғанымен солай жалғаса бермеді. Өмірі күрт өзгеріске ұшырады.

Айшвария Рай үнді киносының патшасы Амитабха Баччанның ұлы ханзада Абхишекке тұрмысқа шығады. Олардың тойлары керемет өткен болатын.

2011 жылы Айшвария Райдың қызы Аарадхия дүниеге келеді. Кейін осы қыз анасының барлық сұлулығын алып кетті деген пікірлер жиі айтылып жүрді. Айшвария Рай қызын дүниеге әкелгеннен кейін халықтың алдына мүлдем шықпады.

Оның босанғаннан кейінгі алғашқы суреті бүкіл жанкүйерлерін шошытқан еді. Осы сурет әлеуметтік желіге жарияланғаннан кейін түрлі пікірлер жазылып та, айтылып та жатты. Көптеген адамдар суреттегі Айшвария Рай екеніне сенбеді.

Алайда 2012 жылы болған Канн қызыл кілемінен жүріп өткен актрисаны көргендер таңданыстарын жасыра алмады. Актриса өз кемшілігін жасырғысы келгенімен халықты алдай алмады.

Осыдан кейін көптеген адамдар оның салмақ тастап, өз-өзіне келуі керек екенін айтып жатты. Ал жергілікті БАҚ өкілдері әлемге әйгілі актриса туралы жарыса жазды.

Біраз жыл өткеннен кейін Айшвария Рай арықтай бастады. Алайда ол басқа да актрисалар секілді тез қартайып кетті. Ол бетіндегі әжімін опа-далап арқылы жасырғысы келгенімен, халық кемшілікті бірден байқады.

Канн-2017 кезінде Айшвария Рай ерекше көйлегімен елдің көзіне түсті. Алайда халық оның бетідегі бояуды сынға ала бастады. Бірақ актриса киген көйлек шыныменде өзіне жарасып тұрған болатын.

Кез-келген әртістің биік шыңы мен одан құлайтын немесе сол шыңнан түсетін кезеңі болады. Себебі қазіргі адамдар бірінен бірі өткен әдемі және ақылды. Әлемде саяси жағын айтпағанда не үшін «Әлем аруы» сайысы жыл сайын ұйымдастырылады. Себебі олар сайысты жыл сайын тіпті күн сайын өткізсе де ерекше сұлу қыздарды таба алады. Себебі әлемде қанша адам болса соншалықты олардың өз ерекшеліктері бар. Олардың бірі дарынды болса, бірі көрікті болуы мүмкін. Сондықтан әлемде тек мен ең сұлумын немесе ең ақылдымын деп ешкім айта алмайды. 

Аударған: Әсел Болатқызы

Қатысты Мақалалар