Бағалы билет иесі бағалы сыйлықтарға ие болды

/uploads/thumbnail/20170710162349599_small.PNG

Көрменің миллионыншы билетін сатып алған Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны  Қайрат Мамаев Астана күні қарсаңында  көрме қалашығын аралады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі elorda.info-ға  сілтеме жасай отырып.
Сәтті билетті сәуір айында сатып алған ол Астанаға арнайы келген екен. Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде инновациялық технологиялар жөніндегі проректор болып қызмет атқарады.
«ЭКСПО көрмесіндегі инновациялық жаңалық пен ғылыми ізденістерді тамашаладым. «Нұр әлем» сферасы мен шетелдік павильондардың әлеуетімен таныстым. Миллионыншы билетті сатып алған кезде көрме әкімшілігі Астанаға арнайы шақыртып, қонақ етті, бағалы сыйлықтар тапсырды» дейді ол.

Қатысты Мақалалар