Киев орталығында полицейлер зейнеткерлермен төбелесті (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710162348321_small.jpeg

Украина астанасы Киевте зейнеткерлер зейнетақыны көтеруді талап етіп митингіге шықты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Киветегі үкімет үйінің алдында ІІМ ардагерлері  мен полиция қызметкерлерінің арасында қақтығыс болды. Қарсылық акциясына шыққандар Грушевский көшесін жауып, Украинаның вице-премьері Степан Кубиковтың халықпен кездесуін талап етті. Бұл туралы Украинаның тәуелсіз кәсіподақ басшысы Михаил Волынец әлеуметтік желіге жазды.

Оның айтуынша, зейнеткерлер 950 гривен          көлемінде зейнетақы алады. Алайда орташа төлем одан да көп – 1,5 мың гривен.

 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар