Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туралы BBC хабар дайындайды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл туралы журналист Махат Садық өзінің Faceboоk парақшасында жазды.
«БиБиСи - дегі дос-әріптестер хабарласты. Димаш туралы ТелеРадиохабар жасамақ. Димаш Қазақстанның қай жерінде гастрольде болса, сол жерге Лондоннан командамызбен ұшып келеміз дейді. 2016 жылы сол шетелдік дос-әріптестер қолғабысымен Димаш орындауындағы әнді, Қазақ радиосы атынан Азия-Тыңық мұхит елдерінің 2000 радиостанцияларының эфиріне қойғызғанбыз.
2017 жылы Димаш Қытайды жарды.
2017-де БиБиСи Димаш туралы ТелеРадио фильм жасаса, 2018-де Димаш Еуропаны дүр еткізер деген ырым ғой.
БиБиСи продюсерінің телефонын- Димаштың продюсеріне табыстадық» деп жазды желі қолданушысы.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет