Қытайдың оңтүстік-шығысында су тасқынынан 40-тан аса адам қаза тапты, - деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новисти-ге сілтеме жасай отырып.
Хунан провинциясындағы Нинсян уезінде тұратын 815 мың адам су тасқынынан зардап шеккен, әзірше қаза тапқан және жоғалып кеткен деген статус 44 адамға берілген. Уезде бұл апат соңғы 60 жыл бақылауда болған ең ірісі саналып отыр. 22 маусымнан 1 шілдеге дейінгі уақытта жылдық жауын-шашын көрсеткішінің 31,8 пайызы немесе 4611 миллиметр түскен. 30 маусым мен 1 шілде аралығында жауын-шашын ең көп түскен.
Апаттан 14 мың үй қираған, су бөгеті мен 70 көшедегі жол бұзылған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 22 мың гектардан аса жерді су басқан, 13 елді мекен электрсіз, ал жеті елді мекен байланыссыз қалды. Алдын ала есепке қарағанда, тікелей және қосымша экономикалық шығын - 9 миллиард юань (1,3 миллиард доллар).