Гамбургтегі қарсылық акциясында 80 полицей жараланды

/uploads/thumbnail/20170710162343951_small.jpg

Бейсенбіден жұмаға қараған түні Гамбургтегі қарсылық акциясында 80 полиция қызметкері жараланды деп хабарлайды Қамшы ақпаратттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Митингі G20 саммитінің ашылу қарсаңында болды.

Шабуылдаушылар – солшыл радикалдар мен жаһандануға қарсы топ. Екеуі бірлесіп полицияға қарсы шабуылдаған. Оған «қара блок» деп аталып кеткен топ қосылған. Оларды беттерін тұмшалап, спорттық үлгідегі қара түсті киім кигенінен анықтауға болады.

2015 жылы аталмыш топ Германияда жаппай тәртіпсіздік жасаған. Олар Еуропалық Орталық банктың ашылуы салтанатына кедергі келтірмек болған.

 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар