Филиппиннің орталық бөлігінде магнитудасы 6,9 балдық жер сілкінісі болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агентігі . Табиғи апаттан бір адам қаза тауып, бірнешеуі жараданған. Жер сілкінісінен Лейте аралындағы Кананга мен Яро қалалары қатты зардап шеккен. Табиғи апатқа байланысты шаһар электр жарығынан ажыратылды. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметіне қарағанда дүмпу ошағы ел астанасы Маниланың оңтүстік батысынан 580 шақырым қашықтықта болған. Қазір апат аймағына құтқарушылар келіп, іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Шолушы: Ақнұр МҰХТАРХАН