Қытай туристері: Астанаға ғашық болдым

/uploads/thumbnail/20170710162351192_small.PNG

Астана – әлемнің барлық үздік сәулет туындыларын бойына жинай білген қала. Оған таза ауа мен әсем табиғатты қосыңыз. ЕХРО-ны тамашалап, елордаға саяхаттап қайтқан бейжіңдіктер таңданыстарын жасырмады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Сю Шя Астанадан таяуда оралды. Смартфонына түсірілген елорданың көрікті жерлері мен EXPO-ның жаңалықтарын қызыға баяндайды. «Алғашында қазақстандық өнерпаздың концертіне ғана баруды жоспарладым, кейін Астана шаһары соншалықты баурап алады деп ойламадым», – дейді. Әсіресе арқаның ашық аспаны мен жөңкілген ақша бұлттары қатты ұнағанын айтады. Ал EXPO-ны аралап болашаққа сапар шеккендей әсер алған. 

«Астанаға бірінші рет бардым. Ұмытылмастай әсер алдым. Әрине тіл жағынан аздап қиындықтар болды. Қаланы аралап жүргенде онлайн аудармашыны қолдандық. Іс-қимылмен көрсетуге тырыстық. Қазақстандықтардың қонақжайлығының арқасында қолайсыздықтар тез шешілді. Aл Бурабай туралы сағаттап айтуға болады. Табиғаты тұнып тұрған жер екен. Күні бойы араласақ та, шаршағанымызды байқамадық»,- дейді Баодин қаласының тұрғыны Cю Шя,

Қытай туристері Қазақ еліндегі тамақтың құнарлығына таңданыстарын жасырмайды. «Балдай қымыз, таза ауа», – деп шынайы ақтарылды. «Астанаға шын ғашық болдым. Мен Қазақстанға тағы қыдырып барамын, – дейді Чжуан. Бірақ келесі жолы достарына жол бастаушы ретінде саяхаттауды жоспарлап отыр.

Қатысты Мақалалар